«Екі ғұмыр, бір әдеби әлем»

Қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,
Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың
зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру мақсатында
Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел — бір кітап»
акциясы аясында жас оқырмандардың қатысуыменен «Екі ғұмыр, бір әдеби әлем» тақырыбы
бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер
Тәкен Әлімқұловтың шығармалары мен Поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың
иегері, көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін Жұмекен Нәжімеденовтың
шығармалары насихатталып, түсіндірілді. Қазіргі заманғы кітапханалар ақпарат пен
құжаттарға сұранысты қанағаттандыру үшін оқырмандарға арналған кітапханадағы QR
кодтары бар кітаптарды ұялы телефондарына көшіріп алып оқуға зор мүмкіндік алатын
«Мобильді кітапхана» атты көрмесімен таныс болды.