«Батырлар жыры»

Үшқұлын ауыл кітапханасында әр жастағы оқырмандардың қатысуымен
«Батырлар жыры» атты дауыстап оқу әдеби шарасы өткізілді.
«Батырлар жырының» басты қаһармандары — хас батырлар, елін жаудан
қорғаушылар, әділдік пен бейбітшілікті сақтау үшін күресушілер.
Бұл шығармаларда батырлардың дене күші ғана емес, олардың ақылдылығы,
адамгершілігі, тәлімгерлік қасиеттері де жоғары бағаланады.
Қазақ эпосының ең белгілі батырлар жырына «Алпамыс», «Қобыланды»,
«Ер Тарғын», «Кобланды батыр» сияқты шығармалар жатады.
Бұл жырлар ұрпақтан ұрпаққа ауызша таралып, халықтың рухани байлығын,
тарихы мен мәдениетін сақтауға үлкен үлес қосқан.
Батырлар жыры қазақ халқының ерлік дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа
жеткізу мақсатында айрықша маңызға ие.