Майқайың кітапханасында, Қоғам және мемлекет қайраткері,
журналист Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жыл толуына орай
«Мұстафа Шоқай — Алаштың зиялысы» атты тарихи тағылым сағаты
өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға Алаштың арысы, әлем таныған
үлкен тұлға Мұстафа Шоқай өмірімен, қызметімен, еңбектерімен
етене таныстырып,қайраткердің есімін ұлықтап, тәуелсіздік
жолындағы ерен еңбегін дәріптеу.