“Махмет Қайырбаев” атты өмірбаяндық кітабы

Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Ш.Шокин атындағы
ЖОББМ-де 9 сынып оқушыларына Кеңес Одағының Батыры Қ.М.Қайырбаев туғанына 100 жыл
толуына орай Мәскеудегі әйгілі “Молодая гвардия” баспасынан ЖЗЛ (Керемет адамдардың
өмірі) сериясымен шыққан “Махмет Қайырбаев” атты өмірбаяндық кітабының таныстырылымы
өтті. Іс-шараның мақсаты — оқырмандарды кітаппен таныстыру, сондай-ақ “Ерлік” қасиетінің
адам мен қоғам үшін маңыздылығын көрсету. Кітаптің таныстырылымында Махмет Қайырбаев
туралы “Ерлік жолы” атты деректі фильм көрсетіліп, соғыс жылдарындағы ерлігі, соғыстан
кейінгі өмірі мен Павлодар Ертіс өңірінің қоғамдық, әлеуметтік экономикалық дамуындағы
қызметі туралы айтылды. Қайсар батыр Махмет Қайырбаевтың майдандағы ерлігі қазіргі
жастарға үлгі-өнеге болары анық.