Ақсан ауыл кітапханасында, Күйші, сазгер, ҚР Халық қаһарманы, дирежер Нұрғиса Тілендиевтің
туғанына — 100 жыл толуына орай «Қазақтың сұлу сазды жүрегі» атты өнер сағаты өткізілді.
Мақсаты: Н.Тілендиевтің өмірбаянымен таныстыру. Оқырмандарды қазақ композиторлары,
аспаптық музыкасы жайлы, композитордың шығармаларын таныстыру.
Н.Тілендиев тума талантты, қазақ сазының сайып қыраны, Н.Тілендиевтің қазақ өнеріне
қосқан үлесі шексіз. Н.Тілендиев 500 ‐ден астам туындының авторы, 50 ‐ден астам
драмалық спектакальдармен, 20 — кинофильмдерге музыка жазып, қазақ саханасымен
экран өнерінің классигіне айналған тұлға екені туралы кеңінен насихатталды.