Қаражар ауыл кітапханасында Аса көрнекті сазгер, Қазақстанның халық әртісі
Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Ән әлемінің падишасы» атты
әдеби кеш өткізілді. Іс-шара барысында Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен
шығармашылығынан мәлімет беріліп, сазгердің жүректі қозғалтатын
әсем әуендері шырқалды