«Ғарыш әлемі» атты сұрақ-жауап ойыны

Лекер ауыл кітапханасында Ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш әлемі» атты
сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Іс-шара барысында балалар ғарыш әлемі
туралы қызықты мағлұматтар алып, алғашқы ғарышкерлермен танысты.
Оқырмандар сұрақ-жауап ойынына белсене қатысып, «Мозайка құрастыр»,
«Кім жылдам?» сияқты танымдық ойындар ойнады. Олар зейінділік пен
тапқырлықтарын көрсетіп, белсенділік танытты. Бұл шара балалардың
ғылым мен ғарышқа деген қызығушылығын оятып, білімге деген
құштарлығын арттырды.