«Кітаппен достас — болашағыңды нұрландыр»

23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай Майқайың кітапханасында «Кітаппен достас — болашағыңды нұрландыр» атты
ашық есік күні өткізілді. Мақсаты: Жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам
өміріндегі орны мен маңызын ұғындыру, сонымен қатар оқырмандардың білімге құштарлығын ояту, кітап
арқылы ой-өрісін, сөздік қорын және дүниетанымын кеңейтуге насихаттау.