“Кітап — білім бұлағы“

Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай “Кітап — білім бұлағы“ атты
кітап көрмесі ұйымдастырылып, безендірілді. Көрмеге энциклопедиялар, ғылым салаларына
арналған анықтамалық әдебиеттер, сонымен қатар ұлы ойшылдар мен ғалымдар — Мұхтар Әуезов,
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы және басқа да қазақ зиялыларының еңбектері қойылды. Шара барысында
Ұлттық кітап күнінің шығу тарихы мен маңыздылығы туралы да кеңінен ақпарат берілді.