“Кітап — менің досым” атты викториналық ойын

Лекер ауыл кітапханасында, 23 сәуір Ұлттық кітап күніне арналған “Кітап — менің досым” атты
викториналық ойын өткізілді. Мақсаты: Оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру,
кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту. Іс-шара барысында қатысушылар қазақ әдебиеті, ертегілер,
балалар шығармалары, жұмбақтар бойынша сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар, логикалық
тапсырмалар, кітап кейіпкерлерін тану, жылдам ойлау турлары да қамтылады.