«Кітап — рухани байлық бастауы»

23 Сәуір — Ұлттық кітап күніне орай Ж.Аймауытов ауыл кітапханасында «Кітап — рухани
байлық бастауы» атты викториналық ойын өткізілді.
Іс-шараның көздейтін мақсаты: Жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын
арттыру, кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, логикалық тапсырмалар арқылы
кейіпкерлерді табу, жылдам ойлау қабілеттерін дамыту.