“Кітап — сарқылмас, рухани қазына”

Сәтбаев ауыл кітапханасында, Ұлттық Кітап күніне орай “Кітап — сарқылмас,
рухани қазына” атты флешмоб өткізілді. Шара барысында жас оқырмандарға өте
қызықты кітаптар көрмесі қойылды, сондай-ақ, әртүрлі тақырыптағы кітаптар
мен ертегілер ұсынылып, таныстырылды.