«Менің сүйікті кітабым»

Шоманкөл ауыл кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай «Менің сүйікті кітабым» атты
интеллектуалдық ойын өткізілді. Шара барысында екі топ өз білімдерін сынады, сарқылмас
қазына, білімнің қайнар көзі саналатын кітаппен қаншалықты дос екендерін көрсетті.
Кітап арқылы талай шыңға шығып, асуларды бағындырамыз деп өздерінің
шарадан түйген сезімдерін білдірді