23 Сәуір — Ұлттық кітап күні.
Кітапқұмарлық, кітап оқуға деген құштарлық адам баласының бойындағы үлкен қасиет.
Оны оқырманға сыйлайтын жалғыз рухани шаңырақ – кітапхана. Осы орайда, Қ.Исабаев
атындағы орталық аудандық кітапханасында аталмыш мереке аясында
«Кітап – қазыналы бір әлем» атты кітапхана түні өткізілді.
Бұл түн өте ерекше, себебі бұл түнде кітапхана мен оқырман арасындағы алтын көпір
одан әрі нығая түсті деп білеміз. Кітапхананың түнгі әлемін тамашалауға жиналған
тұрғындар жергілікті ақын‐жазушылардың кітаптарына шолу мен көріністерін тамашалап,
көркемсөз шеберлерінің өлең жолдарын тыңдап, монополия үстел ойыны мен керемет
ән мен биге толы кешке куә болды.
Бұл шара қатысушы қауымға шығармашылық көңіл күй сыйлап қана қоймай,
сондай‐ақ, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттырды.