«Кітап — қазыналы бір әлем» Кітапхана түні

23 Сәуір — «Ұлттық кітап күні»

Кітапхана әлемнің баға жетпес қазынасы, білім бұлағының қайнар көзі, адамзат тарихының керуенін
сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, білімділік пен біліктіліктің киелі ордасы. Оқырмандар
үшін үлкен тәрбие мен тәлім мектебіне айналып, сансыз сұрақтардың жауабын шертер дәрия мекен.

Осынау мереке күні ауданымыздың енселі қара шаңырағы Қалмұқан Исабай атындағы орталық кітапханада
«Кітап — қазыналы бір әлем» тақырыбындағы Кітапхана түні өтті. Бұл кеш кітапхана мен қалың жұрт
арасындағы шайқалмас сабақтастықтың нышанына айналмақ.

Жастың да, жасамыстың да дүниетанымын қалыптастырған мәдени ортада жергілікті ақындар мен жазушылардың
еңбектеріне қатысты көрмелер безендіріліп, көрермендер назарына арнайы қойылымдар ұсынылды.
Сондай‐ақ, алғаш аталып өткен мереке барысында қонақтар көркемсөз оқу шеберлерінің өнерін тамашалап,
шырқалған ән мен мың бұралған биге куә болып, мағыналық монополия ойынана қатысты.

«Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды»