Майқайың кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің жанкүйерлеріне
Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов шығармаларының таныту мақсатында
«Жүрегіме жақын жырлар» поэзия минуттары өткізілді.
Мақсаты: Ел арасында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті оятып, оқу мәдениетін қалыптастыру,
жас ұрпақты көркем әдебиет арқылы адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу. Сонымен қатар,
бір шығарманы бүкіл ел болып оқи отырып, рухани бірлікке жету, төл әдебиетімізге
деген құрмет пен қызығушылықты арттыру – жобаның негізгі мұраттарының бірі.