Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан
туған өлкем-Қазақстан» дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы мереке жайлы тарихи шолу жасап, бұл күннің мән-маңызына тоқталды.
Ал мектеп кітапханашысы «Бірлік бар жерде — тірлік бар» тақырыбында мазмұнды баяндама ұсынып,
ел ішіндегі татулық пен бейбітшіліктің қадірі жайлы ой қозғады. Қатысушылар ұлттық киім киіп
келіп, елімізде тұрып жатқан әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрі, мәдениеті, тілдік
ерекшелектері жөнінде пікір алмасты.