«Қазақ әдебиетінің саңлағы» атты әдеби сағат

Лекер ауыл кітапханасында Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, жазушы,
ғалым, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ
әдебиетінің саңлағы» атты әдеби сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандар
жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мағлұмат алып, «Сұлушаш», «Балуан
Шолақ» сынды туындыларынан үзінділер оқылды.