Ақсан ауыл кітапханасында 1 мамыр — Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі
күніне орай “Ел бірлігі — татулықтың тірегі” атты таным сағаты өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының халықтар достығы — еліміздің бірлігінің
кепілдігі екендігін таныту, әр халықтың өнері, оның рухани байлығының
негізін оқырмандардың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып,
өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге баулу.