«Асқақ елдің айбынды ұланымыз»

Ауданымыздың енселі қара шаңырағы Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада
7 Мамыр — ҚР Отан Қорғаушылар күні аясында «Асқақ елдің айбынды ұланымыз» атты
патриоттық іс‐шара өткізілді.

Патриоттық сағат барысында Баянауыл ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысының
міндетін атқарушы, майор Нұрбол Макаров оқырмандарға, еліміздің қорғаныс күші мен
сарбаздардың Отан алдындағы борышы жайлы ақпараттармен бөлісті.
Оқырмандарға Ш.Айманов мектебінің мұғалімі Нариман Кошановтың жетекшілігімен келген
оқушылар, жас сарбаздардың өнерін тамашалап, арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Сондай‐ақ, іс‐шара қатысушыларына мерекелік күнге қатысты кітап көрмесі безендіріліп,
арнайы көрнекіліктер таныстырылды.

Бұл күн, егемен еліміздің күш‐қуатын, қорғаныс қабілетін көрсететін күн.
Бұл мереке ел қорғаны, ер азаматтарға деген құрметтің белгісі.
Мереке құтты болсын, Отанды қорғау – әрбір адамның намысы мен парызы!