Ақсан ауыл кітапханасында, Отан қорғаушылар күніне «Әскер — өмір мектебі» атты пікір-сұхбат өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген
сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру, патриоттық сезімге баулу.
Аталмыш шара барысында бұл мереке әр кезде батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы,
Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі екені туралы кеңінен айтылды.
Пікір сұхбатқа қатысқан оқушылар өз ойларын ортаға сала отырды.