Ұлы Жеңіске 80 жыл

Қаражар ауыл кітапхансында Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай кітап
көрме ұйымдастырылды. Мақсаты жас оқырмандарды өз Отанын, елін, жерін
сүюге, батыл да ержүрек болуға үйрету. Шара барысында Ұлы Отан соғысына
қатысқан қазақ жауынгерлері, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының аты аңызға
айналған даңқты қолбасшы, әскери жауынгер Бауыржан Момышұлының өмірі
мен ерліктері туралы кітаптар ұсынылды. Кітапханаға келген оқырмандарға
ауылымыздың зейнеткері Елубай Аскарович Қазақ елінің майданда және тылда
көрсеткен ерліктері туралы айтып, альбомдағы естелік суреттерімен бөлісті.