Торайғыр ауыл кітапханасында Отан қорғаушылар күніне орай “Ұранды ердің ұрпағы қайсар” атты
кітап көрмесі безендіріліп, жас оқырмандардың қатысуымен ерлік кеші өткізілді.
Шараның мақсаты жас ұрпақты Отанды сүюге, туған жеріне,мекеніне деген сүйішпеншілігін,
тілін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін ояту, болашақ ұрпақтарды
тәрбиелеу. Шара барысында жас оқырмандар сұрақ-жауаптарға қатысып,ойындарға белсенді
ат салысып, сыйлықтар табысталды.