Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада ақын‐жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайлау Байбосынның “Ажалын жоғалтқан адам” романының таныстырылымы өтті.
“Ажалын жоғалтқан адам” романының таныстырылымы барысында Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Альмира Дисюпова
сөз сөйлеп, кеш қонағының арқасына шапан жапты. Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі
Жұмағали Қоғабай романның пайда болуы жайлы тілге тиек етіп, жеке ойымен бөлісті.
“Ажалын жоғалтқан адам” романы қазақ әдебиетінде кездесе бермейтін экшн жанрында жазылған туынды.
Жалпы роман желісі адамзат бойында қалыптасқан мейірімділік пен қатыгездік, адалдық,
адамгершілік екіжүзділік сынды ұғымдарды бейнелейді.
Жоғарыда аталып өткен шарада автор өз шығармасы жайлы ой қозғап, оқырмандар тарапынан туындаған сұрақтарға
жауап берді. Сондай‐ақ, роман желісіндегі кезендер мен кейіпкерлерге,
оқиғаның шиеленіскен орындарына анықтамасын айтып өтті.