«Отбасы — бақыт мекені»

15 Мамыр — Халықаралық отбасы күні. Мерекеге орай, Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың
ұйымдастыруымен «Отбасы — бақыт мекені» атты арнайы шара өтті.

Мерекелік шараның құрметті қонағы ретінде ауданымыздың Жакитовтар жанұясы мен Сембековтар әулеті
шақырылды. Арнайы шарамыздың тақырыбына байланысты отбасы мүшелерімен мардымды әңгiме жүргізіліп,
бүгінгі өнегелі отбасының іргетасы ертенгі қоғамның негізгі бөлігі екендігі айтылды.
Шаңырағы биiк, босағасы берiк отбасы, қоғамның рухани дамуы.

Отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қай­нар бұлағы, ешбір мектеп бере
алмас тәлім мен тәрбие бастауы. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.
Отбасыларыңыз аман, шаңырақтарыңыз берік болғай. Мереке құтты болсын!