Лекер ауыл кітапханасында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – өмір айнасы» атты
дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала
арасындағы өзара сыйластықты арттыру, ұрпақ тәрбиесіндегі отбасының рөлін айшықтау болды.
Кеш барысында ата-аналар мен балалар арасында ашық сұхбат ұйымдастырылып, түрлі сұрақтар қойылды.
Отбасындағы тәрбие, бірлік, сыйластық туралы ойлар ортаға салынды. Сонымен қатар, қатысушылар
отбасыға байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын талдап, жұмбақтар шешу арқылы танымдық
ойындарға белсене қатысты.