Бірлік ауыл кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлы жазушы Сәбит Мұқановтың
туғанына 125 жыл толуына орай «Ұмытылмас бейне» тақырыбындағы әдеби кеш өткізілді.
Сәбит Мұқанов – XX ғасырдағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі.
Ол, «Ботагөз», «Сұлушаш», «Өмір мектебі» секілді шығармаларымен халқымыздың рухани
әлемін байытып, қоғамның даму жолдарын шынайы суреттеген қаламгер.
Жазушының шығармаларында ұлттың болмысы, тұрмысы, арман‐мұраты тереңінен көрініс
табады. Ол – қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан,
ұлт руханиятының шынайы жанашыры.