Отбасы күніне орай Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында «Әке — тірек, бала — жүрек» атты үлкендер
мен жастардың катысумен пікір талас кеші ұйымдастырылды.
Шара барысында әкенің отбасындағы орны, тәрбиедегі рөлі туралы ой қозғалды.
Кешке арнайы шақырылған ауыл ақсақалдары мен әжелері өз өмір жолынан мысал келтіріп,
әкені құрметтеу, үлкенді сыйлау жөніндегі тәрбиелік мәні зор әңгімелер айтты.