Әлемге әйгілі ұлы ғұлама, ойшыл, философ Әбу Насыр Әл‐Фарабидің туғанына
1155 жыл толуына орай Мәшһүр Жүсіп ауылдық кітапханасында
«Әлем ойшылы – Әл‐Фараби» атты библиофреш ұйымдастырылды.
Іс‐шара барысында оқырмандарға Әл‐Фарабидің өмірі мен шығармашылығы жайлы
мағлұматтар ұсынылып, ғалымның ғылымға, философияға, музыка мен логика
саласына қосқан үлесі кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, кітап көрмесі
ұйымдастырылып, қатысушылар ғұламаның еңбектерімен танысты.