Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында «Шешендік өнер — қатынас мәдениетінің құралы» атты
пікірсайыс ұйымдастырылды. Шара барысында кіріспе сөзімен басталған шарада қазақ
халқының би‐шешендерінің өмірі мен мұрасы таныстырылды. Қатысушылар екі топқа бөлініп
«Қазіргі жастар шешен сөйлеуге бейім бе» тақырыбында пікірсайыс өткізді.
Олар қазақтың би‐шешендерінің нақыл сөздерінен мысал келтіріп, өз ойларын дәлелдеді.
Қатысушылар шешен сөйлеудің — қатынас мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін түсініп,
белсенділік танытты.