31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі — жаппай саяси қуғын-сүргін және
миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Осы орайда, Қ.Исабаев атындағы
Аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске
алу күнінде еліміздің қалыптасуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан Алаштың асыл азаматтарын
еске алып, тағзым ету мақсатымен, «Қуғын-сүргін қасыреті» атты тарихи шарасы Ш.Шокин
атындағы ЖОББМ-нің мектеп оқушыларының қатысуыменен өткізілді.