«Ұлы дала қасіреті» атты естелік кеші

31 мамыр — Қуғын‐сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Үшқұлын ауылдық
клубы және кітапханасы бірігіп «Ұлы дала қасіреті» атты естелік кешін өткізді.

Шара барысында, сол бір зұлмат жылдары қазақ халқының басынан өткен зобалаң, қуғын‐сүргінге
ұшыраған Алаш зиялыларымен олардың отбасының тағдыры жайында айтылып, слайд көрсетілді.
Сол жылдарға арналып жазылған әдебиеттер ұсынылды, Мұхаметхан Ақкүміс баянауылдық
ақын Б.Сыздыковтың «Зұлмат» атты өленің оқыды.