Майқайың кітапханасында саяси қуғын‐сүргін құрбандарын еске алу күніне
орай «Қаһарлы жылдар шежіресі» тақырыбындағы тарихи‐тағылым кеші өткізілді.
Мақсаты: Саяси қуғын‐сүргін құрбандарын құрметпен еске алу, тарихтан орын
алған зұлмат жылдар жайлы шынайы мәлімет беру, жастарға отансүйгіштік пен
әділеттілік құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ, тарихтан сабақ ала отырып,
бейбітшілік пен бірлікті нығайту.