«Алаштың арманы — азаттық таңы»

Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында 31 Мамыр — Саяси қуғын‐сүргін және ашаршылық
құрбандарын еске алу күніне орай «Алаштың арманы — азаттық таны» атты диалог
алаңы ұйымдастырылды. Кітапханашы тарихи кіріспе жасап, қуғын‐сүргін
жылдарындағы ауыр оқиғаларға тоқталды. Оқырмандарға Алаш арыстарының өмір
жолы мен еңбектері туралы бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды.
Қатысушылар тарихи әділетсіздікті ұмытпау керектігін айтып, саясаттың
құрбаны болған жандардың рухына тағзым етті.