Ақсан ауыл кітапханасында 31 мамыр Саяси қуғын‐сүргін және ашаршылық құрбандарын
еске алу күніне орай «Ұлт басына төнген қасірет» атты оқырмандардың қатысуымен
тарихи таным сағаты өткізілді.
Мақсаты: Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін
жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, ұлт зиялыларын еске түсіру.
Іс‐шара барысында саяси қуғын‐сүргін құрбандарын еске алып, олардың өмір
жолдарымен оқырмандар теренірек таныстырылды. Сонымен қатар, осы тақырыпта
кітап көрмесі безендіріліп оқырмандар назарына ұсынылды.