Лекер ауыл кітапханасы мен ауылдық клубы бірлесіп 31 мамыр – Саяси қуғын‐сүргін
және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлы дала қасіреті» атты тарихи
сағаты өткізілді. Іс‐шара барысында қуғын‐сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен
еске алу рәсімі өткізілді. Оқырмандардың қатысуымен тарихи естеліктер айтылып,
тақырыпқа байланысты өлеңдер оқылды. Сонымен қатар, Қазақстан тарихындағы ең
ауыр кезеңдердің бірі – саяси қуғын‐сүргін мен ашаршылық жылдары туралы
жан‐жақты айтылып өтілді.