“Еліміздің асыл тірегі — Рәміздер” патриоттық кеш

Мұса Шорман ауыл кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер
күніне орай, “Еліміздің асыл тірегі — Рәміздер” атты кітап көрме безендіріліп
кітапхана оқырмандарының қатысуымен патриоттық кеш өткізілді. Оқырмандар екі
топқа бөлініп Елтаңба, Ту, Әнұран туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды.
Кітап көрмемен толығырақ таныстыра отырып жас оқырмандарды Отан сүйгіштікке елін,
жерін құрметтеуге баулу мақсатында өткізілді.