Аймауытов ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздер күніне орай “Мемлекеттік Рәміздер — ел мақтанышы” атты патриоттық кеш өткізілді. Шара барысында оқырмандарға Мемлекеттік рәміздер туралы түсінік берілді. Мақсаты: ҚР Мемлекеттік рәміздері — Ту, Елтаңба және Әнұран — еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын белгілері екендігін түсіндіру, олар ұлттық бірегейлікті, патриотизмді және елдің тарихы мен мәдениетін бейнелейтін маңызды атрибуттар болып табылатыны жайлы мағлұмат беру.