4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Егіндібұлақ ауыл кітапханасында жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату, Мемлекеттік рәміздерімізді — Туымызды, Елтаңбамызды, Әнұранымызды қашанда биікке көтеріп құрметтеуге және қастерлеп ұлықтауға баулу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер — ұлт мақтанышы» атты патриоттық сағат өткізілді.