«Рәміздер мақтанышым» атты дөңгелек үстел

Бугін 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай
Қаратомар ауыл кітапханасы ауыл клубының ұжымымен бірігіп «Рәміздер мақтанышым»
атты дөңгелек үстел өткізді. Шараға жиналған оқырмандарға рәміздер туралы құнды
мәліметтер берілді. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік нышандар — Елтаңба,
Ту мен Әнұранымыздың туған күні болып саналмақ.

Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер — мемлекет негізінің мызғымас бір бөлігі.
«ҚР Президентінің жарлығына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы
ҚР Президентінің жарлығына және «ҚР кәсіби және басқа да мейрамдары туралы» 1998
жылғы 20 қаңтардағы жарлықтарына сәйкес 4 маусымда Республикада Мемлекеттік
рәміздер күні тойланады.