«Ел рәміздер — ел рухы»

Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай жазғы лагерь балаларының қатысуымен «Ел рәміздер — ел рухы» атты криптограмма‐интеллектуалдық ойыны өткізілді. Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, балалар рәміздер туралы қысқаша мәліметпен танысты. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның шығу тарихы, авторлары туралы айтылып, олардың маңыздылығы түсіндірілді. Арнайы дайындалған криптограмма тапсырмалары арқылы балалар сұрақтарды шешіп, рәміздерге қатысты ұғымдарды тапты.