«Жасөспірім: Сенің мәселелерін және қызығушылықтарың»

Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында 11 сынып оқушыларының қатысуымен
«Жасөспірім: сенің мәселелерін және қызығушылықтарың» атты еркін
форматтағы сұхбат ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастар
отбасындағы қарым‐қатынас, достық, болашақ мамандық таңдау,
әлеуметтік желінің әсері, бос уақытты тиімді өткізу сынды
тақырыптарда өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, жақсы
көретін кітаптарды насихаттап ұсынды.