Ағымдағы жылдың 13 маусым күні БАянауыл ауданы Қ.Исабаев атындағы орталық
аудандық кітапханада ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ертіс-Баян өлкетанушылар
қоғамының және Баянауыл ауданының ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі, Жаңатілек
ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Баянтау» газетінің тұрақты
тілшісі Мұхамет-Қайыр Шәріповтің «Қаһарман Хайдаров» атты жаңа туындысының
тұсаукесер рәсімі өтті.
Шара барысында Жаңатілек ауылдық округінің мектеп оқушылары жүрек тебірентерлік
өлеңдерін оқып, әдеби кештің сәнін кіргізді. Бұл – жас буынның ел тарихына,
батыр тұлғаларға деген құрметінің айқын көрінісі болды.
Кітаптың тұсаукесер лентасын қию құрметі Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары
Альмира Аманқызы Дисюповаға табысталды. Ол өз сөзінде автордың өлке тарихын
зерттеп, ел есінде қалатын тұлғалар жайлы жазып жүрген еңбегін жоғары бағалап,
аудан әкімінің атынан алғыс хат пен құрмет шапанын табыс етті.
Мұхамет-Қайыр Шәріповтің бұл еңбегі – жерлестеріміздің өмір жолын кейінгі
ұрпаққа үлгі ететін, тарихи маңызы зор рухани дүние.