«Заңғар жазушы» портрет сағаты

Егіндібұлақ ауыл кітапханасында жазушы, ғалым, мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мұқанұлы
Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына орай, жас оқырмандардың
қатысуымен «Заңғар жазушы» атты портреттік сағаты өткізілді.
Шара барысында оқырмандарға жазушының өмірбаяны мен шығармалары
насихатталып, оқырмандармен қаламгердің «Бір атаның балалары»
шығармасына әңгіме жүргізіліп, талқыланды.