Егіндібұлақ ауыл кітапханасында «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы суреткер Тәкен Әлімқұловтың және поэзия жанры бойынша Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларын бірге оқуға шақыру және ұлттық әдебиетімізді насихаттау мақсатында жас оқырмандарға «Қазақ әдебиетінің дара тұлғалары» атты әдеби сағаты өткізілді.