«Жауынгер жазушы» атты әдеби кеш

Ақсан ауыл кітапханасында Жазушы, өлкетанушы Қалмұқан Исабаевтың туғанына — 100 жыл толуына орай «Жауынгер жазушы» атты әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты: Қалмұқан Исабаевтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру. Жазушының әдеби мұрасын насихаттау. Оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.

Аталмыш шара барысында Қ.Исабаев — саналы ғұмырында еселі еңбегімен танылған қадір тұтатын қаламгер. Жазушының дарын шуағынан нәр алған шалқыма шабытты, кең тынысты шығармалары, роман, повестері, естелік эсселері, тағылымды‐тәлімді тарихи толғаулары, деректі зерттеулері оқырман қауымның рухани мұрасы, әдеби мәдени құндылықтары. Сонымен бірге қаламгер — Абайды, Абай арқылы қазақ ұлтын Германия жұртына танытқан жол бастаушы намысқой, күрескер жазушы екені туралы кеңінен айтылды.