«Қазақ қаламгерлері» атты әдеби алаңы

Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Қазақ қаламгерлері» атты әдеби алаң ұйымдастырылды. Шараға мектеп мұғалімдері мен ауылдың кітап сүйер қауымы қатысты. Кездесу барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері — Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жумабаев, Сәбит Мұқанов, Мұқағали Мақатаев сияқты қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығы талқыланды. Қатысушылар қаламгерлердің кітаптарын оқып, олардың үзінділермен бөлісіп, пікір алмасты. Шара аясында «Қазақ қаламгерлерінің мұрасы — мәңгілік» атты шағын кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды.