К.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен
Баянауыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының
мамандарымен «Мен және Қоршаған орта» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
«Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей болашақ ұрпақты экологиялық
сауатты етіп тәрбиелеуді Отбасы -ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс.
Табиғаттың жасыл желегі мен аң құсын аялау, көзі ашық, көкірегі ояу
әрбір жанның азаматтық борышы.
Қатысушылармен экология тақырыбында еркін пікір алмасу өтті
және кітаптарға қысқаша шолу жасалды.