Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында табиғат аясында «Кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса»
атты ашық алаң аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Қатысушылармен шеңбер құрып отырып, қызықты журналдар мен ертегілер оқылды. Әр қатысушы
өзі оқыған материалдардан қысқаша ой қозғап, кейіпкерлерге мінездеме берді.
Шара барысында кітапханашы балаларға арналған жаңа кітаптармен таныстырып,
«Кітап — білім бұлағы» деген ұғымның мәнін түсіндірді.
Шара мақсаты: Балаларға кітап оқу мәдениетін сіңіру, еркін ортада кітаппен
дос болуға баулу, жазғы демалысты пайдалы әрі қызықты өткізуге бағыттау.
Ашық аспан астындағы кітап оқу — баланың рухани әлемін байытудың ерекше жолы.