«Ұлт рухын ұлықтаған қос қаламгер» атты әдеби сағаты

Лекер ауыл кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ
әдебиетінің көрнекті өкілдері – Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын
насихаттауға арналған «Ұлт рухын ұлықтаған қос қаламгер» атты әдеби сағаты өткізілді.

Мақсаты: Қазақ әдебиетінің құндылықтарын дәріптеу, қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен
таныстыру арқылы ұлттық рухты ояту және жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.